Салық органдарында тіркелмеген 140 жалдамалы пәтер анықталды

Салық органдарында тіркелмеген 140 жалдамалы пәтер анықталдыҚызылордада учаскелік полицейлер үйлерді жаппай тексеру кезінде тұрғын үйді жалға беру бизнесін тіркемеген 148 жалдамалы пәтердің иесін анықтады.  
«Бүгінгі таңда Қызылорда қалалық салық басқармасында 385 жалдамалы пәтер иесі тіркелген, - деді Қызылорда облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы, полковник Алтынбек Ахметов, - шын мәнінде пәтерлерді жалға берумен айналысатындар бұдан әлдеқайда көп. Учаскелік инспекторлар қалалық салық органында тіркелмеген 148 жалдамалы пәтерді анықтады. Аталған фактілер туралы салық басқармасына хабарланды».
 
 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қазан 2014 г. 957 0