Қызылордалықтар жеңіл атлетикадан 11 медаль еншіледі

Қызылордалықтар жеңіл атлетикадан 11 медаль еншіледіШымкент қаласында жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің арасында өткізілген Қазақстан Республикасының біріншілігінде Қызылорда облысының спортшылары 11 жүлдемен оралды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Аталмыш жарыста 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында сынға түскен Светлана Саунина 1000 м қашықтықта 3.05.49с. нәтижесімен алтыннан алқа тағынса, 1500 м кедергілер арқылы жүгіруден өзінің жас аралығындағы дәрежесінде Қазақстан рекордын жаңартып, жеңімпаз атанды.

1000 м қашықтықта Азамат Құлдас 2.45.65с. нәтижесімен 1-орынды иеленсе, 600 м қашықтықта екінші болып жетті. Бекболат Мүсілімов 1500 м кедергілер арқылы жүгіруден алтын жүлдеге ие болды. Ал 1000 м қашықтық сайысында 2-орынды иеленді. 1997-98 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Анастасия Щадыло 1500 м қашықтықта бірінші болып келсе, 800 м жүгіруде 2.24.21с. нәтижесімен күміс жүлдеге қол жеткізді.

Руслан Байшин 60 м жүгіруден 2-орын, 300 м қашықтықта 3-орынды иеленді.

100м, 200м, 300м, 400м эстафеталық жүгіруде командаға (Руслан Байшин, Қадыр Жалғас, Азамат Құлдас, Илья Гурьев) екінші орын бұйырды.

№4 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығатын спортшыларды жарысқа Руслан Омаров, Наталья Лептикаова, Владимир Лептиков және Дмитрий Панов дайындады.

Спортшылар енді қазан айында Бішкекте болатын халықаралық турнирге және Жамбыл облысында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қыркүйек 2014 г. 979 0