Қызылорда облысы мен Татарстан сауда-экономикалық байланысты нығайтпақ

Қызылорда облысы мен Татарстан сауда-экономикалық байланысты нығайтпақАтырау қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XI - өңіраралық ықпалдастық форумы аясында Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев пен Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов меморандумға қол қойды.

Аталмыш құжат екі аймақ арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік –мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.

Қызылорда облысы мен Татарстан арасындағы қарым-қатынас бұған дейін жоғары деңгейде болатын. Былтыр аймақтан бір топ кәсіпкерлер мен шаруалар Татарстан Республикасына іссапармен барып, көп жақты әріптестік орныған. Енді міне сол байланысты меморандум арқылы бекітті.

Айта кетейік, Атырау қаласында өтіп жатқан өңіраралық форумға екі мемлекеттің Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысуда.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қыркүйек 2014 г. 897 0