Сәулет-қала құрылысы кеңесі өтті

Бүгін сәулет-қала құрылысы кеңесі өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төрағалық еткен жиында төрт мәселе қаралды.

Алдымен Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 1532 гектар аумақтың түбегейлі жоспарлау жобасы талқыланды. «Түбегейлі жоспарлау жобасының басты мақсаты Сырдария өзенінің сол жағалауында ыңғайлы және халыққа қолайлы өмір сүру ортасы бар және ұлттық сәулеті ерекшеленген қала құрылыстық орталық құру. Сонымен бірге, ескі қалалардың сәулеттік элементтерін қолдана отырып, қаланың келбетіне ұлттық нақыш беру және өңірдің өзіндік сәулет өнерін ескеру болып табылады», - дейді жобалаушы мекеме «Урбостиль» ЖШС директоры Любовь Нысанбаева.

Сондай-ақ, облыс орталығында бизнес орталығы бар қонақ үй салынады. Бұл жобаны «Нұр-Төбе» ЖШС директоры Т.Берғалиев таныстырды. Оның айтуынша, қонақ үй төрт жұлдызды болады. 120 орынға лайықталады. Сонымен бірге, кешенде бизнес орталық пен 176 орындық тәуліктік мейрамхана және 50 орындық арнайы мейрамхана, конференц зал, СПА-орталық және тағы басқа да тиісті қызметтер көрсетіледі.

Кешеннің жобасы қазіргі заман талабымен жобаланған және оның сәулеттік келбетінде шығыс сәулет өнері де кеңінен қолданылған. Жоба түрік компаниясымен әзірленген. Негізгі ғимарат 9-қабаттан тұрады, ал оның жанындағы ғимараттар 3 және 5 қабатты.

Кеңес отырысында жеке кәсіпкер «Ш.Қарабаев» «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойынан салынатын жол бойы кешенің эскиздік жобасын таныстырды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қыркүйек 2014 г. 833 0