Букмекерлік кеңсені тонаған жігіт өзіне-өзі қол салмақ болды

Букмекерлік кеңсені тонаған жігіт өзіне-өзі қол салмақ болдыҚызылордада букмекерлік кеңсені тонаған жігіт полициядан құтылу үшін өзіне-өзі қол салмақ болды.

Шиелі АІІБ-ға түн ортасында букмекерлік кеңсенің тоналғаны туралы хабарлама келіп түседі. Шолақ мылтығымен кассир қызды қорқытқан жас жігіт кассадан 300 мың теңгеден астам ақша ұрлап әкеткен. 

Оқиға туралы бірден бөлімнің жеке құрамына хабар берілді, нәтижесінде қылмыскердің қайда жүргені анықталды. Полицейлердің ізін аңдып жүргенін байқаған жігіт қашып кетпек болады, бірақ әрекетінен түк шықпайды. Сол кезде жігіт қолындағы қаруымен өзіне-өзі қол жұмсамақ болған, алайда тәртіп сақшылары бұған жол бермеді. 

«Жас жігіт қазір тергеу изоляторында. Ол Алматы облысының тұрғыны, жасы жиырмадан асқан, бұдан бұрын Қызылорда облысында тұрғаны белгілі болды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлжахан Қайырбергенова. 

Күдіктіні тексеру кезінде одан шолақ мылтық, қара бетперде, қолғап, 3 оқ пен букмекерлік кеңседен ұрланған ақша табылды. 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қыркүйек 2014 г. 797 0