« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ұялы телефон арқылы Қызылорда ОІІД-нің жедел басқару орталығының 102 нөміріне қоңырау шалып, Қызылорда станциясының темір жол вокзалында бомба қойылған деп терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген 28 жасар азаматша 5 жылға сотталды. Бұл туралы Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушыға жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның бұрын сотты болмағанын, ауылдастары жақсы мінездеме бергендерін, қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайын, жанұя жағдайын, кәмелетке толмаған жас балалары барын, тағайындалған жазаның оның түзелуіне және оның отбасының, асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын ескеріп, 5 (бес) жылға бас бостандығын шектеуге жазаланды. Оның мінез-құлқын қадағалау Сырдария аудандық қылмыстық-атқару инспекциясына жүктелді.
Сонымен қатар іс бойынша азаматтық талапкерлер пайдасына келтірілген зияндарды өндіруге үкім етілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |