Құрбан айт күні тегін қоғамдық көліктер жүреді

Құрбан айт күні тегін қоғамдық көліктер жүредіҚұрбан айт мерекесі күні яғни 4 қазанда «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жылдағы дәстүр бойынша айт намазынан кейін жамағатқа дастарқан жайылып, құрбандыққа шалынған малдардың еттері 100-ден аса отбасыларға бөліп беріледі. Бұл туралы бүгін облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров айтты.

Бұған қоса мешіттің жанына 3 киіз үй тігіліп, түрлі спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылмақ. Қарттар үйінде және облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханада облыстық филармонияның атсалысуымен концерттік бағдарлама да өтеді. Сонымен қатар «Жібек жолы» сауда орталығында балалар үйінің сәбилері үшін ойын алаңдары тегін жұмыс жасап, тұрғындарға дәм-тағам таратылатын болады. Сол күні қала тұрғындары үшін тегін қоғамдық көліктерді ұйымдастыру да жоспарлануда. 

«Мұның барлығы Құрбан айт мерекесін халық арасында кеңінен насихаттап, мейрамның қадыр-қасиетінің жоғарылығын ұқтыру мақсатында жасалып жатқан шаралар», - дейді Талғат Омаров.

Айта кетейік, балиғат жасына толған, негізгі қажеттіліктерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие әр бір мұсылманға құрбандық шалу уәжіп. Нисап мөлшері 85 грамм алтын яғни соның құнына тең келетін ақша.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қыркүйек 2014 г. 655 0