« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақ халқының елдік болмысындағы асыл қасиеттердің бірі – шығармашыл өкілдерінің өнерін насихаттап, өмірден өткендерін құрметтеу болса керек. Осы мақсатта Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен КСРО және ҚазКСР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Театр анасы» атанған актриса Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған «Сахна саңлағы – Сәбира» атты ана образын сомдаушылардың аймақтық байқауы болып өтті.
Сәбира Майқанова сомдаған образдарды халыққа насихаттау, театр актерларының орындаушылық шеберлігін шыңдау, өнерге деген қызығушылығын арттыру - байқаудың басты мақсаты болды.
Аймақтық байқауға Қазалы ауданының намысын қорғау үшін аудандық мәдениет Орталығы жанындағы №2 мәдени-демалыс кешеннің меңгерушісі Гүлнар Төребекова қатысып, бақ сынасты. Ол Сәбира Майқанова сомдаған рөлдердің бірі – Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасындағы Мақпалдың бейнесін сомдап, Қазалы өңірінің өнеріне тағы бір мәрте тәнті етті.
Қатысушы талапкерлердің актерлік шеберлігі, сөйлеу мәдениеті, жарасымды қимыл-қозғалысы, сырт-сымбатының сахнамен үйлесім табуы, киіну үлгісінің тақырыпқа сәйкестігі ерекше ескерілді.
Нәтижесінде Гүлнар Төребекова жүлделі екінші орынды иеленіп, жүлдемен оралды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |