Сыр өңірінде ақбөкен аулаған 2 бракьонер ұсталды, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде рейдтік іс-шара жүргізу барысында Сырдария АІІ бөлімі мен «Охотзоопром» РМҚК ӨБ жедел-тобы қызметкерлері Сырдария ауданы орталығынан 250 шақырым қашықтықтағы «Шихан бұлақ» аталатын жерде күдікті ақ түсті джипті байқап, тоқтатады.
Тексеру барысында аталған автокөліктің ішінен заңсыз атылған 10 бас ақбөкен және 6 дана ақбөкеннің кесілген мүйіздері, ІІО-да тіркеуде жоқ 12 калибрлі аңшы мылтығы және 10 дана 12 калибрлі патрондары анықталып, айғақ заттар ретінде алынды.
Бүгінгі күні аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.