Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қызылорда қаласының тұрғыны Ғ. келесі қылмысы үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Ғ. екі жол сөмкесіне салынған, өте ірі мөлшердегі кептірілген марихуана есірткі затын өзінің басқаруындағы автокөлігінің артқы орындығының үстіне қойып, сату үшін Ақтөбе қаласына бағытына жолға шыққан.
Қызылорда ОІІД-нің ЕБҚКБ-ның бөлім бастығы, полиция майоры С.-ға сотталушының Ақтөбе қаласына есірткі тасымалдап алып бара жатқаны жөнінде жедел ақпарат түскен.
Жедел ақпарат бойынша Ғ.-ның қылмыстық әрекеттерін құжаттандыру мақсатында полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, сотталушының басқаруындағы автокөлікке тоқтауға белгі берілген.
Сотталушы өзінің қылмыстық әрекеті әшкереленіп қалатынын түсініп, қылмыстық жауаптылықтан құтылу мақсатында, кері бұрылып, қаша жөнелген. Құқық қорғау органдары қызметкерлері сотталушының автокөлігінің соңына түсіп, 15 шақырымдай жер жүргеннен кейін, оның автокөлігінің дөңгелектерінің желі шығып тоқтауға мәжбүр болған.
Содан, сотталушының автокөлігіне тексеру жүргізу барысында, көліктің салонындағы зат салғышынан (бардачог) жүргізуші куәлігі, артқы орындық үстінен әрқайсысының ішінде 5 ақ түсті пакеттерге дөңгелектеліп сары түсті скочпен оралған, 2 қызыл түсті сөмкелерге салынған, 10-дана орамдардағы өте ірі мөлшердегі кептірілген марихуана есірткі заттары табылып айғақты заттар ретінде алынған.
Сөйтіп, сотталушы Ғ. өткізу мақсатында өте ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.
Сотталушы Ғ. ҚР ҚК-нің Қазақстан Республикасы ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігінің «в» тармағымен, 24-бабының 3-бөлігі, 325-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің талабына сай, түпкілікті мүлкі тәркіленіп, қатаң режимдегі түзеу колониясында 10 (он) жылға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды.