Жас отбасылар баспанамен қамтылады

Жас отбасылар баспанамен қамтыладыҚызылорда. Үстіміздегі жылдың жыл соңына дейін Қызылорда қаласында 130 жас отбасы баспанамен қамтылатын болады. Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі осылайша хабар таратып отыр. 
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қолжетімді баспана - 2020», «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында қаладағы Сұлтан Бейбарыс, Амангелді көшелерінде салынып жатқан тұрғын үй құрылыстарының жүргізілу барысымен танысты. Тұрғындардың әл-ауқатын көтеруде баспана мәселесінің ерекше рөл атқаратындығына мән берген қала басшысы мердігерлерге сапаға баса мән беруді жүктеді. Қызылорда қаласында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2013 жылдың 1 қазанына жалпы ауданы 75634 шаршы метр, оның ішінде республикалық бюджет қаржысы есебінен 8815 шаршы метр, халық қаражаты есебінен 66819 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, қала басшысы Тасбөгет кенті, Сапарбаев көшесінің бойындағы жаңадан салынып жатқан жаяу жүргінші жолының сапасымен де танысып, жол салушы мердігер мекеме «Глобал Констракшн»  ЖШС-нің жасап жатқан жұмыстарына оң бағасын берді.  Биыл қала аумағында жалпы ұзындығы 22,9 шақырымды құрайтын 20 көшеге жаяу жүргінші жолы салынуда. Бұл мақсатқа бюджеттен 491,3 млн.теңге қаржы қаралды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қараша 2013 г. 1 164 0