Мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталады

22 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Қызылорда қаласында облыс әкімінің жүлдесіне арналған XIХ дәстүрлі мемлекеттік және ведомстволық қызметшілер арасында спартакиада басталады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Дәстүрлі спартакиада спорттың 10 түрінен: арқан тарту, пневматикалық мылтықпен ату, 2400 метрге жүгіру, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол, үстел теннисі, бильярд, эстафеталық жүгіру (4х100) және волейболдан ұйымдастырылады. Жарысқа мемлекеттік мекемелерден 23 команда, 1000-нан аса мемлекеттік қызметші қатысады.

Шараның мақсаты - мемлекеттік және ведомство қызметшілері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, бұқаралық спортты одан әрі дамыту, қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Бұл спартакиада 1995 жылдың жазында алғаш рет Қызылорда қаласында бастау алып, бүгінде 19-шы мәрте ұйымдастырылып отыр.

Спорттың әр түрінен жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының естелік сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталады. Ал жалпы есепте жеңіске ие болған командаларға ауыспалы кубок табысталады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қыркүйек 2014 г. 959 0