Қазақстан Республикасы халықтарының
тілдері күніне орай, аудандық мәдениет орталығында «Ана тілім – ажарым, асыл мұрат» атты салтанатты жиын өткізілді. Оған мекеме-кәсіпорын
басшылары, мектеп, балабақша қызметкерлері мен тіл жанашырлары қатысты.
Мерекелік
кеште аудан әкімінің орынбасары Ғабит Бәймішев құттықтау сөз сөйлеп, бір топ
тіл жанашырларын аудан әкімінің және республикалық «Қазақ тілі» қоғамының
алғыс хаттарымен марапаттады.
Салтанатты
жиын барысында аудандық кітапхана қызметкерлері Гүлжамал Махамашова мен Бибігүл
Күзембаева «Тіл – асыл қазына» атты кітап көрмесін жасап, келген қонақтарға
библиографиялық шолу жасады.
Жиын
соңында тіл жанашырларының құрметіне аудандық мәдениет Орталығы мен аудандық
оқушылар Үйінің өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.