Ағымдағы жылдың басынан бері Қызылорда облысында бірде-бір ана өлімі тіркелген жоқ. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала бөлімінің бастығы Айна Мұхамбетова мәлімдеді.
«Аймақтың денсаулық сақтау саласында жүйелі шаралар қабылдау ана өлімі бойынша жағдайды тұрақтандырып, әйелдерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік берді, - деді ол. – Ағымдағы жылдың 8 айында ана өлімі болған жоқ, ал өткен жылы бір жағдай тіркелген болатын. Бірнеше жыл бұрын жағдай нашарлау болған. Дегенмен, медицина қызметкерлерінің табанды жұмысының арқасында оң өзгерістер байқалады».