Астанадан жерлестеріміз жүлделі оралды

Астанадан жерлестеріміз жүлделі оралдыАстана қаласында жастар және ересектер арасында велотректен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан 100-ден аса велоспортшы қатысты. Қызылорда облысының мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің велоспорт жөніндегі № 3 олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын спортшылар аталмыш чемпионаттан жақсы жетістікпен оралды. 
 3 шақырымдық командалық сында Артур Ералиев, Карим Бузин, Аслан Алтайбаев, Дінислам Өмірбектер екінші орынды иеленді. Ал 100 айналымға созылған  мэдисон жарысында  Дінислам Өмірбек пен Карим Бузин  80 ұпаймен топ жарды. 
 Сондай-ақ, чемпионатпен қатар сол мезетте велотректен ересектер арасында өткен республикалық турнирде жерлесіміз Әзен Мәди 100 айналымдық топтық жарыста 70 ұпаймен жеңіске жетті.
 Спортшыларды жарысқа Берік Көпешов, Руслан Ягафаров және Жандос Махамбетов дайындады. 
 Спортшылар үстіміздегі жылдың 18-22 қазан аралығында Астана қаласында  болатын ересектер арасындағы ҚР чемпионатына қатысады. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қыркүйек 2014 г. 774 0