Қазақ даласында туған
жерін, елін қасық қаны қалғанша қорғап, ұланғайыр даланы бізге аманат етіп
қалдырған батырларымыз аз болмаған. Солардың арасында өр тұлғасымен дараланып
тұрған Жанқожа Нұрмұхамедұлы тумысы бөлек, тұғыры биік кесек тұлға. Батыр
бабамыздың 240 жылдық мерейтойы қарсаңында аудандық мәдениет саласының
өнерпаздары Жанқожа батыр ауылының тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынды.
Әйтеке би кенттік клубының директоры Кенже-Әлі Асқар бастаған өнерпаздар туған жер, Атамекен, Отан қорғау тақырыбындағы
әндерді, сонымен қатар Жанқожа бабаға арнау өлеңдерін шырқады.
Шара соңында Арықбалық ауылдық
округінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров сөз алып, Жанқожа батырдың ерлік істерін
жастарға үлгі етті және мәдени шараны ұйымдастырушыларға ауыл тұрғындары атынан
алғыс білдірді. Жиналған қауым жоғары көңіл-күймен тарасты, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.