Қызылордадағы
қазіргі қолданыстағы ХҚК орталығының ғимараты неке қию сарайына айналады. Ал
оның жанынан 15 қабатты жаңа ғимарат тұрғызылып, Халыққа қызмет көрсету
орталығы көшеді. Жаңа нысанның эскиздік жобасы бүгін сәулет-қала құрылысы
кеңесінде таныстырылды.
Тапсырыс
беруші «МТС Компани ЛТД» ЖШС-гі. Әкімшілік ғимарат 15 қабаттан тұрады.
Ғимараттың бірінші және үшінші қабаттарында ойын-сауық орталығы, сауда орындары, мейрамхана, 2 -
кинотеатр, техникалық бөлмелер, киім ілетін орындар, балаларға арналған
аттракциондар болады. Ал, төртінші қабаттан бастап он төртінші қабатқа дейін кеңсе
бөлмелері орналасады.
Жобаға
сәйкес «Халыққа қызмет көрсету нысандары орналасатын әкімшілік ғимаратты»
классикалық стильде салынатын болады. Ғимараттың сыртқы келбеті мрамормен, ал
ірге тасы гранит плиткалармен қапталады. Есіктері
мен терезелері қоңыр түсті темір-пластикалық профильдерден жасалады. Сонымен
қатар, ғимараттың аумағында автотұрақ, демалуға арналған алаңдар қарастырылған.
Кеңес
отырысында эскиздік жобаны мақұлданды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа
ғимараттың айналасын көгалдандыру және көркейту жұмыстарын тамшылатып суару
әдісін пайдалануды қажеттігін ескертті. Сондай-ақ қала басшысына құрылыстың
мерзімінде аяқталуына қадағалауды тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.