Жаңадан салынатын мектептердің жобасы мақұлданды

Жаңадан салынатын мектептердің жобасы мақұлдандыБиыл Қызылордада 40 білім беру обьектісінің құрылысы жүріп жатыр. Жыл ішінде 25 мектеп пайдаланылуға беріледі. Жаңадан білім ошағын салудан Қызылорда республикада алдыңғы қатарда. Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен өткен сәулет-қала құрылысы кеңесінде тағы бірнеше мектептің эскиздік жобасы талқыланып, мақұлданды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қазалы ауданының Бірлік және Қармақшы ауданындағы Қуандария елді мекенінде 140 орындық мектеп салынады. Екі қабаттан тұратын білім ошақтарында Мектептерде оқу сыныптары, жабық дене шынықтыру залы, асхана, мәжіліс залы, алғашқы әскери дайындық және оқушының тәлім-тәрбие алуына қажетті басқа да кабинеттер қарастырылып отыр. Сонымен қатар, мектептің ауласы абаттандырылып, көркейтілетін болады.
 Екі мектептің жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 13,6 миллион теңге бөлінді.       Мектептердің есіктері мен терезелері темір-пластикалық профильдерден, ал шатыры темір черепицадан жасалады.
 Сондай-ақ, Жаңақорған ауданының Қожамберді елді мекенінде 200 орындық және Шиелі ауданының Ә.Тәжібаев ауылында 300 орындық мектеп бой көтереді. Бұл білім ошақтары да барлық заман талабына сай салынады. Облыс әкімі Қ.Көшербаев тиісті сала басшыларына құрылыстың сапалы, мерзімінде салынуын қатаң тапсырды. Барлық мектептің жобалары толықтай облыстық құрылыс басқармасы тарапынан берілген техникалық талаптарға сәйкес келеді. Сондықтан барлық жобалар бірауыздан мақұлданды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қыркүйек 2014 г. 825 0