Шаруашылықтар жаңа техникамен толықты

Шаруашылықтар жаңа техникамен толықтыӨңірімізде егін жинау науқаны басталып та кетті. Ендігі мәселе - егінді төкпей-шашпай уақытында жинап алу. Ол үшін елді-мекендердегі шаруашылықтардың техникалары сақадай сай болуы керек. Әсіресе, егін жинайтын комбайндардың тұрып қалмағаны абзал. Сол үшін де шаруашылықтарда жыл өткен сайын техникалар жаңартылуда. Егін жинайтын да, оны таситын тасымал көліктері де жаңадан алынып жатыр.
Мәселен, ағымдағы жылы "ҚазАгроФинанс" АҚ арқылы лизингіге 8 "Беларусь" тракторы, 5 "MacDon" жаткасы, 1 "TORUM" комбайндары әкелінді. Осылардың ішінде "MacDon" жаткаларының ору жылдамдығы "Енисей" жаткалы комбайндарына қарағанда әлдеқайда жылдам, сапалы әрі тез. Оның барлық жүйесі автоматтандырылған. Осындай техниканың арқасында орылған күрішті сабағынан бөліп алатын комбайндардың сапалы болғаны да керек-ақ. Оған да айтарлықтай көңіл бөлінуде. 
Егін жинау маусымының басталар шағында аудан шаруашылықтары жаңа комбайндармен толықты. Қазақстан мен Белоруссия арасындағы ынтымақтастықтың аясында аймағымызға 11 Палессе GS12 жоғары өнімді комбайндары әкелінді. Бұл комбайндар Беларусь Республикасынан елімізге Халықаралық транзиттік жолдар арқылы жеткізілген. Әр комбайнның құны 26 млн. теңгеден. Бұл еліміздің Кедендік Одаққа мүше болғандығының арқасында осындай тиімді бағаға қол жеткізілгендігін атап өткен орынды. Заманауи талаптарға жауап беретін бұл техникалар алдағы уақытта шаруашылықтарда жоғары сапамен жұмыс істейтін болады. Оның сатып алынуына "Жан-Арай" ЖШС ұйытқы болды. Сол 11 комбайнның 7-і аудан шаруашылықтарына тиесілі. Оның ішінде 2-ін "Шаған-Жер" ЖШС алдырған, деп хабарлайды Сырдария ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қыркүйек 2014 г. 779 0