Қызылордалық жас спортшы Жапониядан жүлделі оралды

Қызылордалық жас спортшы Жапониядан жүлделі оралдыҚыркүйектің 10-15 аралығында Жапонияда мәнерлеп сырғанаудан Гран-при додасының төртінші кезеңі аяқталды. Аталмыш бәсекеде қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева жақсы өнер көрсетті. 
Ол мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада көш бастаса, еркін бағдарламада бесінші орынды иеленіп, қорытындысында 159,38 баллмен қола жүлдені еншіледі. Элизабет осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы.
Енді Элизабет 1-5 қазан аралығында Дрезден қаласында (Германия), өтетін Гран-при додасының алтыншы кезеңіне және 14-19 қазанда Ниццада болатын халықаралық жарысқа қатысуды көздеп отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қыркүйек 2014 г. 857 0