Қ.Көшербаев: Қазақ елі бейбітшіліктің алтын тұғырын қалауда

Қ.Көшербаев: Қазақ елі бейбітшіліктің алтын тұғырын қалаудаЕлбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, тәуелсіз еліміз үшін «ең басты құндылық – тұтастық!» Ал бірлік бекем болған жерде ұлттық мәдениеттің, ішкі-сыртқы саясаттың орнықты қызмет еткенін көрсетеді. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімдігінде өткен идеологиялық активте аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев атап өтті.

«Қазақ елі тегінде бар тектіліктің, қанында бар қасиеттің, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар ұлттық идеологияның алтын тамырына сызат түсірмей әлем алдындағы абыройын сақтап отыр. Ал осы ұлы құндылықтардың, сара саясат пен бейбітшіліктің берік тұғырын қалауда, ұлттың дара дәстүрін, сара әдет-ғұрпын дүниеге паш етуде. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегін халық ерекше құрметтейді. Олай болса біз жұрт болып жұмылып, ел болып бірігіп Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға тиіспіз», — деді Қ.Көшербаев.

Облыс әкімінің айтуынша, елімізде үлкен реформалар жасалды, және олар, сөзсіз, жалғасын әрі қарай таба бермек. Олардың ішінде ең елеулісі – орталық пен аймақтардың арасындағы өкілеттіліктерді бөлу болмақ.

«Бірақ, жауапкершілікпен қоса кең көлемді мүмкіндіктер де береді. Сол себепті, ең бастысы, сол мүмкіндіктерді дұрыс қолдана білу. Осыны терең ұғынған жағдайда ғана біз Елбасы халық игілігі үшін қойып отырған міндеттерді абыроймен атқара аламыз», — деді Қ.Көшербаев.
 
 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қыркүйек 2014 г. 694 0