Қызылорда қаласының тұрғыны шаһардағы аялдамаларды жарты киіз үй бейнесіне ұқсатып жасауды ұсынды, деп хабарлайды "Сыр бойы" газеті "Сыр дидары" басылымына сілтеме жасап.
"Қаламыздағы аялдамалар әйнектен жасалып жатқанда мұны тентек балалар сындырып кетпес пе екен деп ойлаған едiм. Жоқ, бiздiң мәдениетiмiз, өркениетiмiз, санамыз жоғарылығы сонша ол әйнектердi сындырмақ түгiлi бетiне жазу жазып не өзге нәрсе жабыстырып жатқан жоқпыз. Осыған күн сайын қызығып жүрген болатынмын. Ендi бұған Сыр шайырларының термелерiн iлiп қойса деген ұсыныстарыңызды оқып қуанып қалдым. Шынында ол жоба да жақсы болар едi. Өйткенi қазiргi жастар Сыр сүлейлерiнiң сөздерi тұрмақ өздерiн де көп тани бермейдi. Сондықтан мұны тезiрек қолға алғаны жақсы", - дей келе қала тұрғыны Ж.Демеуова
"Автобусты киіз үйде күтуге қалай қарайсыз?" деген ұсыныс тастайды.
Оның пайымдауынша, Елбасымыз айтқандай бiз ұлттылық құндылығымызды құрметтеуiмiз керек. Ендеше әрбiр жерге детальдарымызды кiргiзiп отырғанымыз дұрыс.
"Осы реттен аялдамаларды жарты киiз үй бейнесiнде етiп жасаса деймiн. Iшiне қазақы ою-өрнек, киiз үй шашбаулары секiлдi белгiлердi суреттесе. Сосын төрiне бiр бидiң, бiр шешеннiң сөзiн және Сыр сүлейлерiнiң бiр термесiн жазып қойса нұр-үстiне нұр болар едi. Әрине, мен мұны бiрер жылда жасаса деп жатқан жоғын, алдағы уақытта сәулетшiлер сызбасын сызып, ұсталар жобасын жасап шағады деп ойлаймын. Бұлай болып жатса ұлттық құндылықты дәрiптеген ерекше ел екендiгiмiздi әлемге паш етер едiк. Автобустан түсiп жатқанда қазақы үйге қонаққа келгендей, күтiп тұрғанда жазира далалықта, жұпар ауа жұтып, салқар желге шомылып тұрғандай күш кешпеспiз бе? Ең бастысы бұл шынайы париоттық, ұлттық құндылық және жасарға үлгi болар едi", - деп ойын түйіндеді қала тұрғыны.