Облыстың табысы үштен бірге өсті

Облыстың табысы үштен бірге өстіҚызылорда облысының жеке табысы миллиард теңгеге өсті. 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ақпаратынша, биыл Қызылорда облысы бюджетінің көлемі 212 млрд теңгеден асты, бұл өткен жылға қарағанда 36 млрд теңгеге артық.
8 айдың қорытындысы бойынша облыс бюджетінің табысына барлығы 152,3 млрд теңге салық пен төлем түсті, сонымен бірге республикалық бюджеттен бөлінген несие мен трансферттер бар. Бұл жоспарланған болжамның 109 %-ы. Соның ішінде аймақтың жеке табысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,1 млрд теңгеге немесе үштен бірге өсіп, 47,5 млрд теңгені құрады. 
Өңір бюджетінің шығыс бөлігі биыл да әлеуметтік салаға бағытталған, негізгі шығындардың басты мақсаты – халық өмірінің сапасын жақсарту.

BNews.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қыркүйек 2014 г. 717 0