Қызыл мияға қырғидай тиіп жатқандар кімдер?

Қызыл мияға қырғидай тиіп жатқандар кімдер?Сырдария аудандық прокуратурасының ұйымдастырумен «Сырдың алтын тамырын қорғайық!» атты тақырыбында акциясы өткізілді, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Өңіріміздің қасиетті өсімдігі, табиғат ана байлығы болып есептелетін, сырдың алтын тамырына айналған Мия өсімдігінің қорғалуы, сақталуы қоғамымыздың өзекті мәселесінің бірі ретінде көтеріп отырмыз. Жиынымыздың мақсаты – аудан бойынша мия тамырларының заңсыз алынуына барынша тосқауыл қою, бұл бағыттағы жұмыстарға аудан тұрғындарын тарту, халық арасында құқықтық сауаттылық, әрбір заң бұзушылыққа қарсы мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру болып табылады.

Қызыл мия өсімдігінің адам денсаулығына емдік шипасы мол дәрілік шөп екені баршамызға мәлім. Біздің дәуірімізге дейінгі 4-ші-5-ші ғасырларда бұл дәрілік өсімдік жайлы ежелгі грек тарихшысы Геродоттың өзі қызыл мия тамырының мың сан дертке дауа екенін айтқан екен. Қазіргі уақытта дамыған медицинада бұл көптеген дертке дауа екені дәлелденіп отыр. Алайда Қызылорда облысында соңғы уақыттары оның азайып бара жатқаны байқатады.

Бұл дәрілік өсімдік еліміздің Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Қаратал өзендері алқаптарында өссе, оның ішінде қызыл мия Қызылорда аймағында, әсіресе Сырдария ауданыңда көптеп кездеседі.

Бұл көпжылдық шөп тектес өсімдіктің биіктігі 100-130 сантиметрге дейін болса, өзен бойларында, топырақты аймақтарда өсетіндігімен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде, бұл өсімдік жоғарыда айтқанымыздай тұқымның күрт азайып бара жатқандығы, яғни кетпендеп, күректеп қазып емес, ауыр техникалардың күшімен тереңдігі жарты метрден астам қопарып жинап жатырғандығы.

Мәліметтерге сәйкес, бұл өсімдік медицина ғылымы жоғары қарқында дамыған көршілес Қытай сынды шет мемлекеттерде зор сұранысқа ие болуда. Сондықтан да оңай табысқа кенелуді көздеген кейбір азаматтар туған жеріміздің табиғатына аяусыз нұқсан келтіруде.

Өкініштісі, мұндай заңсыздықтарды көре тұра көз жұма қарап отырған жергілікті ауыл әкімдері мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жоқ емес.

Бұған дәлел, мия тамырларын жабайы түрде жинау фактілерін анықтау мақсатында аудандық прокуратурамен ағымдағы жылдың тамыз айының 18-21 күндері аралығында әр елді мекендерді аралап, халықпен кездесу жүргізу барысында Жетікөл ауылының тұсында белгісіз азаматтармен ағымдағы жылдың тамыз айында мия тамырларын 14 гектар жерден жабайы түрде заңсыз жинау деректерінің орын алғаны белгілі болған.

Ең қызықтысы, аталған жағдайды сол ауылдың жергілікті мектеп оқушысынан бастап қарияға дейін білетінің көрсетіп отырса, алайда, сол ауылдың әкімі мен учаскелік инспекторы ол туралы бейхабар екенін бағып қағуда, қалайша сонда мұндай қоғамдық ахуал дерегі – жергілікті билік өкілдерінің назарларынан тыс қалуы мүмкін екендігі туралы сұрақ, көңілімізді толғандырмай қоймайтыны сөзсіз.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 2014 жылы аудан аумағында қызыл мияны заңсыз алудың, қазудың 4 фактісі (2012 жылы – 4, 2013 жылы – 3) тіркелген.

Барлық деректер бойынша қылмыс құрамының белгілері болмағандықтан аудандық ішкі істер бөлімімен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімдер қабылданған.

Себебі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген Өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiнде мия өсімдігі енгізілмеген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану» Қағидасы бекітілген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану құқығы орман билетінің негізінде туындайды.

Облыстық мәслихаттың шешімімен мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарындағы учаскелерде орман пайдалану үшін төлем ставкалары (жалаң (қызыл) мия тамырлары – 1 кг. 200 теңге) бекітілген.

Осылайша, Орман қоры учаскелерінен өсімдіктерді пайдалану тәртібі, пайдалануға рұқсат беру негіздері және төлем ставкалары бекітілгендіктен, сәйкесінше ондағы объектілерді заңсыз пайдаланғаны үшін тиісті әкімшілік жауаптылық қаралған.

Орман қорынан тыс жерден өсімдіктер дүниесі объектілерін (мия тамырын жинау) алуға рұқсат беру тәртібі қолданыстағы заңнамамен реттелмегені, мия тамырларын жабайы түрде жинауға қолайлы жағдай туғызуда.

Осыған орай, Орман қорынан тыс жерден өсімдіктер дүниесі объектілерін (мия тамырын жинау) алуға рұқсат беру тәртібі қолданыстағы заңнамамен реттелмегендіктен, заңнамаларға өзгерістер енгізу жөнінде облыстық прокуратурамен Бас прокуратураға қызметтік хат жолданды.

Өз кезегінде, Бас прокуратурамен осы жылдың мамыр айында қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне мия тамырларын өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгізу мәселесін қарау ұсынылған.

«Қазақстан Республикасының аумағынан қызыл мия тамырын әкетуге уақытша тыйым салу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленген.

Сондықтан, бүгінгі акция аясында аудандық прокуратурамен мия тамырларын заңсыз жинау деректерін болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен, халықпен тығыз байланыс орнатып, бұл бағытта бірлескен іс-шаралар атқаруға аудандық ішкі істер бөліміне және аудан әкімдігіне қарасты жауапты бөлімдер мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалары берілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қыркүйек 2014 г. 1 325 0