Сыр сақшылары Отбасы күнін мәнді өткізбек

Сыр сақшылары Отбасы күнін мәнді өткізбекЕлімізде 2013 жылдан бері  «Отбасы  күні» мерекесін қыркүйек айының екінші жексенбісі күні  мерекелер күнтізбесіне енгізіп, дәстүрлі түрде тойлай бастады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мемлекет отбасыдан басталатынын, қоғамдағы жанұялық құндылықтарды нығайтудың маңызы зор екендігін ескере отырып, «Отбасы – отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады», - деп көрсеткен болатын.

Осы мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың  қыркүйек айының 10-12 күндер аралығында  «Отбасы күні» акциясын өткізу  жоспарлауда, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Акцияның  негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларына  жұртшылықтың және басқару органдарының назарын аудару, қоғамда әріптестікке және қарым-қатынастың зорлық-зомбылық тәсілдерін мойындамауға негізделген отбасы қарым-қатынастарының мәдениетін  қалыптастыру, зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне  психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Акция аясында  ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері,  «Қамқорлық» дағдарыс орталығының атқарушы директоры Э.Тұсмағамбетовамен және Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында өткізілетін «Ақиқат Алаңы» ток-шоуына қатысып, көпшілік қауыммен өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бағдарламада  әйелдерге қатысты орын алған тұрмыстық зорлық-зомбылық, моральдық-дене зардабы  жайы және бүгінгі  күнгі  өзекті  мәселелері   жөнінде  сөз болды.
 Одан кейін акция білім беру орындарындағы студент және оқытушылар қауымымен дөңгелек үстел, пікірталас ұйымдастырумен жалғасын тапты. Атап айтатын болсақ, 2014 жылдың 10 қыркүйек күні  Қызылорда облыс әкімінің көмекшісі,  облыс әкімдігі аппараты жанындағы қоғамдық келісім орталығының басшысы Р.Қ.Ахметова, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының атқарушы директоры Э.Тұсмағамбетова және «Батыр Ана» қоғамдық бірлестігі мамандарымен бірге  полиция қызметкерлерінің қатысуымен Қызылорда  гуманитарлық колледжінің  студенттері  мен оқытушылары арасында  дөңгелек үстел өткізіледі. Дөңгелек үстел аясында  Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңының 20-бабының нормалары  түсіндіріліп, бүгінгі  күнгі  өзекті  мәселелер, дәстүрлік отбасы құндылықтары мен адамгершілік қалпын жандандыру жөнінде  әңгімелер жүргізіледі. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының  және аудандық  білім беру орындарында  «Дәстүрлік отбасы құндылықтар» тақырыбында  сынып сағаттары, кездесулер өткізілуде. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қыркүйек 2014 г. 1 282 0