«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 10-12 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстіктен соққан желдің 15–20 м/с дейін күшеюі және шаңды дауыл күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.