15 қызылордалық спортшы Азия ойындарына қатысады

15 қызылордалық спортшы Азия ойындарына қатысадыБиыл 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында XVII Азия ойындары өтеді. Аталмыш додаға облыстан 15 спортшы спорттың 8 түрінен  бақ сынайды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Атап айтсақ, Алмас Өтешов (ауыр атлетика), Дәулет Ниязбеков (еркін күрес),  Динара Қодарова (дзюдо), Жазира Сапарбек (таеквондо), Максим Коломоец, Айжан Досмағамбетова (стенд ату), Роберт Гайнеев (велоспорт),  Гүлнар Иманғалиева, Әйгерім Маханова, Гузал Бахабаддин, Алиса Черкасова (көгалдағы хоккей), Виктория Колотинская, Вероника Хардина, Наташа Ильина, Евгения Цупенковалар (гандбол).
Ал 2010 жылы Гуанжоудағы (Қытай) Азия ойындарында 3 спортшымыз, ауыр атлетикадан Илья Ильин (I орын) мен Дәурен Шәуетеев (III орын), дзюдодан Ғалия Өлментаевалар (III орын) шеберліктерін шыңдап, жоғары көрсеткіштерге ие болған.
 Айта кетейік, Азия ойындары  - 1951  жылдан бері әр төрт жылда Азия мемлекеттері арасында өткізіліп келеді. Аталмыш ойындарға 45 елден 13 мың спортшы қатысады деп жоспарлануда. Спорттың 50 түрі бойынша 439 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстаннан 420 спортшы спорттың  39 түрінен қатысады.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2014 г. 806 0