Елімізде сапасыз жолдың азабын тартқандар аз емес. Алысқа бармай-ақ, Елордадан Павлодар, Қарағанды бағытындағы жолдар оған дәлел. Мамандардың айтуынша, ақылы жолдар жүйісін енгізу – бұл мәселені түбегейлі шешудің бір бағыты. Сондықтан алдағы 5-6 жылда елімізде ақылы жолдардың көлемі артпақ. Мысалы, келесі жылы олардың қатарына «Астана – Атбасар», «Шымкент – Қызылорда» жолдары қосылады деген жоспар бар.
Мысалы, биылғы жылдың аяғына дейін «Астана – Бурабай» тас жолын пайдаланушыларынан 1 миллиард 300 миллион тенге жинау көзделіп отыр. Қомақты қаржы әлемдік стандартарға сай тас жолды тиісті деңгейде ұстап туру үшін жұмсалады, деп хабарлайды "Сыр бойы" газеті.