Қазалыда жедел жәрдем көлігі көбейді (фото)

Қазалыда жедел жәрдем көлігі көбейді (фото)Қазалы ауданында «Дүниежүзілік денсаулық сақтау» күніне орай, «Белсенді өмір - жүз жастық ғұмыр» ұранымен ауқымды шара өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 
Денсаулық саласының қызметкерлері шерумен бастаған шара аудандық Жалаңтөс Баһадүр стадионында жалғасын тапты. Адам денсаулығының жанашырына айналған ақ халаттылар мерекелерінде жағымды жаңалыққа куә болды.
Салауатты өмір салты және азаматтардың өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауы әрбір адамның өмірінде басты құндылықтардың бірі болуы қажет.
Бұл күні аудандағы жастар үйінің алдынан орталық стадионға бағытталған денсаулық сақшылары көтеріңкі көңіл күйде болды. Аталмыш фестивалді жиылған жұртшылық жаттығу жасаумен бастады. Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ғабит Бәймішев өзінің құттықтауын жеткізді.

Аталмыш шара барысында  орталық ауруханаға, емханаға, «Жетес би», Ақсуат, Қожабақы, Ү.Түктібаев ауылдарындағы амбулаторияларға жедел жәрдем автокөлігінің кілтін табыстады. Бұл шараның «белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр» ұранымен өтуі – әрбір тұрғынды әр күн сайын белсенді болуға, саламатты өмір салтын ұстануға және оның дағдыларын меңгеруге,зиянды әдеттерге қарсы тұра білуге шақырады.
 Денсаулық фестиваліне ауданның 400-ге жуық жасы арнайы флешмоб ұйымдастырды.
 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2014 г. 1 139 0