Төрт аудан орталығы газдандырылады

Төрт аудан орталығы газдандырыладыЖыл соңына дейін Қызылорда қаласы толықтай табиғи газға қосылады. Сонымен қатар аудан орталықтарын газдандыру жұмыстары басталады. Мәселен, биылдың өзінде 4 ауданға орталығы (Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері)  мен Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарту сатансаларының құрылысы жүреді. Бұл жұмыстарды бастау жөнінде Астана төрінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мен Қызылорда облысы әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды. Жоба құны 23 млрд. теңгені құрайды. Келісім бойынша  квартал ішілік газ құбырлары да жүреді. Бұл жұмыстар толықтай аяқталғанда облыс халқының 23 пайызы табиғи газға қосылады.  Қызылорда облысының әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес ағымдағы жылы барлығы 23 млрд. теңгеге 4 аудан орталықтарына (Арал қаласы, Әйтеке би кенті, Шиелі кенті және Жаңақорған кенті) және Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарату стансаларының құрылысы мен квартал ішілік газ құбырларының құрылысын салу келісілген болатын. Қазіргі таңда, аталған жұмыстар бастау алды.  Жоба бойынша жұмыстар толығымен аяқталған сәтте облыс халқының 23% газбен қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2014 г. 851 0