Облыста жаңа судьялар тағайындалды

Облыста жаңа судьялар тағайындалдыБүгін, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.М.Қайырбеков жаңадан тағайындалған судьяларды ұжымға таныстырды. Бұл туралы Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамызында № 899 Жарлығымен жаңадан тағайындалған судьялар: Қызылорда қалалық сотына - Абылайқызы Зәбира, Тоғызбаева Меруерт Арал аудандық сотына - Мұратбекұлы Данияр, Жаңақорған аудандық сотына -Елшібеков Бақытбек, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына - Байболатова Алуа, Өтегенова Сәуле, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына - Біржанов Қайратбек ант қабылдай отырып, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау жолында бар күш-жігерлерін салып, адал қызмет атқаруға міндет алды.

Өз кезегінде Қызылорда облыстық соттың төрағасы жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс пен сәттілік тіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қыркүйек 2014 г. 1 038 0