Бүгін Қызылорда
облысының әкімі Қырымбек Кқшербаев мүнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби
мерекелермен құттықтап, үздіктерін марапаттады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еліміздің экономикалық
әлеуетінің артуында республикамыздың батыс өңірі мен Қызылорда облысындағы
мұнай компанияларының, ондағы еңбек етіп жатқан мұнайшылардың үлесі
зор. Бірі оператор, бірі жөндеуші, енді бірі инженер бірі құрылысшы,
геолог. Арасында басшылар да бар. Бұлардың бәрі тек Қызылорданың игілігі үшін
емес, тұтас мемлекеттің көркеюіне, экономикалық өркендеуіне, әлеуметтік
тұрақтылығына үлес қосып жүрген жандар. Төл мерекеде аймақ басшысы мұнайшыларға
толағай табыс тіледі.
- Мұнай өндіру көлемі Қызылорда облысында азаттықтың алғашқы жылдарымен
салыстырғанда 3 есеге артты. Еліміздің экономикасының 45 пайызы мұнай-газ
саласына байланысты. Сондықтан Сіздердің қажырлы еңбектерініңіздің арқасында
мемлекет дамып келеді. Мұнай компаниялары халықтың әлеуметтік жағдайында ұмыт
қалдырған емес. Бір айта кетерлігі, Сыр мұнайшылары әлеуметтік қолдау
көрсетуден республикада алғашқы орында. Маңдайлары кұнге, табандары құмға күйіп
жасап жатқан еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер, - деді облыс әкімі
Қ.Көшербаев.
Салтанатты шарада сала
үздіктері облыстың «Құрмет» грамотасымен, облыс әкімінің «Алғыс хатымен» және
ҚР Энергетика министрлігінің
төсбелігелермен марапатталды.