Жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік иесі сотталды

Қызылордада жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткені үшін азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұл туралы қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз қызметі хабарлады. 
Құқық бұзушы Б. автокөлігімен Қызылорда қаласында Сексенбаев тұйығымен шығыс бағытында артқы жүріспен қозғалу кезінде, ҚР жол қозғалысы ережелерінің 8.13. тармағының талаптарын сақтамай, осы тұйықтың бойында орналасқан дүкеннің тұсында жолды солдан оңға қарай кесіп өтпекші болған жаяу жүргінші А.-ны қағып, оның денсаулығына жеңіл зақым келтiрген. Сөйтіп,  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 468-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.
Құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-ның 468-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 27780 теңге айыппұл салынып, 1 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қыркүйек 2014 г. 817 0