Қызылордада театрлар фестивалі өтеді

Қызылордада театрлар фестивалі өтеді10-14 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласында КСРО-ның халық әртісі Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған драма театрлардың ХХІІ Республикалық фестивалі өтеді. Бұл фестивалге Астана қаласының Қаллеки театры «Ана – Жер ана» қойылымын алып бармақшы, деп мәлімдеді театрдың баспасөз хатшысы. 

Адамзаттың Айтматовы атанған ұлы жазушының Ұлы Отан соғысының ауыр қасыреттерін суреттейтін «Ана – Жер ана» трагедиялық драмасы театр әлеміне әйгілі режиссер Ә.Мәмбетовтың инсценировкасы мен сахналауы арқылы алғаш жол тартқан. Бас кейіпкер Толғанайды сомдаған қазақтың ұлы актрисасы Сәбира Майқанова сахнадағы Ана бейнесін аласармас биікке көтерген еді. Ш.Айтматов, Ә.Мәмбетов, С.Майқанова, Ғ.Жұбанова сынды ұлы тұлғалардың құрметіне режиссер Б.Құрманғожаевтың жаңғыртуымен сахналанған «Ана – Жер ана» спектаклі Мәмбетов мектебінің өміршеңдігін паш етеді. 

Айтып өткеніміздей, Қалекки театры 2014 жылдың 10-14 қыркүйегі аралығында Қызылорда қаласында өтетін C.Майқанованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХІІ Республикалық фестиваліне қатысып, Ш.Айтматовтың «Ана – Жер ана» қойылымын көрермен назарына ұсынбақ. Қызылорда қаласының тұрғындары мен фестиваль қонақтары бұл қойылымды 11 қыркүйек күні тамашалай алады.

«Сәбира сынды саңлақтың тәлімін алған Қазақстанның халық артисі Гүлжан Әспетова ұлы актрисаның 100 жылдық мерейтойында Толғанай бейнесін хас шеберлігімен тағы бір жаңғыртып көрермен назарына ұсынады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қыркүйек 2014 г. 892 0