Кеше орталық алаңда Қытайдың Нанкинг қаласында өткен ІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанған жерлесіміз, Қуаңдария ауылының тумасы Бауыржан Жауынтаевтың құрметіне салтанатты шара болып өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Онда Қармақшы ауданы әкімі Н.Шамұратов Олимпиада чемпионын құттықтап, аудан әкімдігі атынан қаржылай сертификат табыстады. Туып өскен жері, Қуаңдария ауылының тұрғындары да сый-сияпат жасап, өз лезбіздерін жеткізді.
Сонымен бірге, көрермендердің назарына республикалық деңгейде жеңімпаз атанып жүрген "Қармақшы құрамасы" КТК командасы өз өнерлерін ұсынды.
Шара соңы мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.