Облыста тұрғын
үй құрылысы қарқынды дамуда. Мамандар
өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 13 пайызға өседі деп болжап отыр. Бұған
қоса, барлық пайдалануға беріліп жатқан тұрғын үйлердің 95 пайызы - бұл жеке
құрылыс (халық қаражаты есебінен). Оның
көлемі өткен жылғы деңгейден 30 пайызға дерлік ұлғайды. Бұл – халықтың өмір
сүру деңгейінің көтерілгенін айғақтайды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.