Қызылорда облысында азық-түлік бағалары республиканың орташа көрсеткішімен салыстырғанда біршама арзан.
Жалпы 8 айда аймақтың бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсу үрдісі байқалуда, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 4,6 пайызға өседі деп болжануда. Республиканың басқа өңірлері арасында Қызылорда облысы бұл көрсеткіш бойынша 2 орында тұр.
Үстіміздегі жылы облыс шаруашылықтары 161,4 мың гектар алқапқа егін екті. Оның ішінде күріш - 81,2 мың гектар. Былтырғы жылмен салыстырғанда күріштің егіс көлемі 7,3 мың гектарға артық.
Облыста мал шаруашылығы да дамып келеді. Ірі қара, оның ішінде сиыр, жылқы, түйе өсуде. Болжам бойынша 19 мың тоннадай ет (тірілей салмақта), 50 мың тоннадан астам сүт өндіріліп, 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 2,7 пайызға, сүт 4,0 пайызға артты.
Сонымен бірге, әлеуметтік маңызды тауар түрлерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен әлеуметтік дүкендер желісін дамыту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде 8 айдың қорытындысы бойынша бірқатар азық-түлік бағалары орташа республикалық көрсеткіштен төмен деңгейде. 20 тамыздағы мәліметке қарағанда, облыста бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы арзан.
Атап айтсақ, күріштің орташа бағасы облыс бойынша - 176 теңге, республика бойынша - 247,48 теңге;
Ұн (1 сорт)- 81 теңге, республика бойынша - 89,7 теңге;
"Рожки" - 163 теңге, республика бойынша - 194 теңге;
Қатық - 205 теңге, республика бойынша - 240 теңге;
Жұмыртқа (10 дана) - 191 теңге, республика - 196 теңге;
Сары май - 1311 теңге/кг, республикада - 1467 теңге/кг;
Өсімдік майы - 531 теңге, республика - 653 теңге;
Қой еті -1130 теңге, республикада - 1170 теңге;
Жылқы еті - 1250 теңге, республикада - 1385 теңге;
Картоп - 90 теңге, республикада - 96 теңге;
Қырыққабат - 56, республикада - 64,42 теңге;
Қызанақ - 215 теңге, республикада - 230,62 теңге;
Алма - 249 теңге, республикада - 279,95 теңге.