Бұл жөнінде облыс әкімінің төрағалығымен өткен Қызылорда қаласының перспективалық даму мәселелері туралы мәжілісте қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды қалалық ішкі саясат бөлімі.
Ағымдағы жылы қала ішінде 57,2 шақырымды құрайтын 31 көше, ауылдарда 11,2 шақырымды құрайтын 9 көше түнгі жарықпен қамтамасыз етіледі (Ақжарма, Ақсуат, Қарауылтөбе, Қызылөзек, Қосшыңырау).
Көпқабатты тұрғын үйлердің 25 аулаішілік жолдары мен автотұрақтары, ұзындығы 11,9 шақырымды құрайтын 12 көшенің жаяу жүргіншілер жолдары жөнделуде.
Сондай-ақ, қала ішінде 32, Тасбөгет кенті мен Ақсуат, Қарауылтөбе, Ақжарма, Қызылжарма ауылдық округтерінде 5 аула және балалар ойын-спорт алаңдары салынуда.
Бұл жұмыстарға облыстық және қалалық бюджеттерден 1 млрд. 752 млн.теңге қаржы бөлінді.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін термопластикалық жол сызбалары сызылып, 107 автобус аялдамасы белгілері орнатылды. Қосымша жыл ішінде 52 аялдама, 46 билборд қондырғысы орнатылады.