Полицейлер балалардың өмірі үшін қан тапсырды

Қызылордада жаяу жүргіншілердің сауаттылығын жетілдіріп, балалардың жол көлік жарақатының алдын алу мақсатында «Назар аударыңыз, балалар!» және «Назар аударыңыз, бағдаршам» атты жедел-профилактикалық шаралар өтуде, деп хабарлайды  Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Шара барысында «Жол көлік оқиғасынан зардап шеккен балаға көмектес» атты акциясы аясында ағымдағы жылдың 29 тамызында Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының аппарат қызметкерлері және жол патрульді полицейлер қан тапсырды. Жылдағы үрдіске айналған бұл іс-шараға қан орталығының қызметкерлері арнайы жабдықталған автобусымен әкімшілік полиция ғимаратына келді. Бұл қамқорлық акциясына барлығы 100-ге жуық қызметкер қатысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің «қиналғанға қол ұшын бер» принципін басшылыққа алатындарын тағы да дәлелдеді.
Бұдан әрі, іс-шара аясында полиция қызметкерлері жол көлік оқиғасынан зардап шеккен балаларға жаңа оқу жылы қарсаңында сый тартумен ұласты. Яғни, облыстық медицина орталығының балалар хирургиясында жол көлік оқиғасы салдарынан түрлі дене жарақаттарын алып жатқан балаларға қол сөмкесін, мектепке қажетті құрал-жабдықтар және түнгі мезгілде жарық шағылыстыратын сөмкеге арналған қап сыйлады. Бұл акцияның мақсаты – физиологиялық, психологиялық тұрғыдан зардап шеккен балаларды көзден таса қылмай, олардың көңіліне үміт отын сейілту болып табылады.
Жыл басынан осы бағытта мектептерде 1000-нан астам дәрістер өткізілді. Жол қозғалыс ережелерін кең тұрғыда насихаттап, жолда жүру біліктіліктерін жетілдіру мақсатында 445 кездесулер, викториналар, жарыстар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығындағы мектептер алдындағы жол белгілерін жаңартып, қайта орнату жұмыстары жүргізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қыркүйек 2014 г. 1 016 0