Жосалы кенті орталығындағы «Жастар аллеясында» балаларға арналған жаңа бассейннің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті, деп хабарлайды аудан Қармақшы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталған шарада аудан әкімі балалардың игілігіне берілген бассейннің құрылысын жүргізген мердігер «Арал-Атамекен» ЖШС директоры А.Құдайбергеновке ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады. Сонымен бірге, «Жастар аллеясындағы» демалу мүмкіндіктерін жоғары деңгейде ұйымдастырып, тұрғындар мен балаларға сапалы қызмет көрсетуді жеке кәсіпкер Ә.Ерекешовке тапсырылды.
Балалардың денсаулығына пайдалы бассейн жанында киім ауыстыратын және күнге қыздырынатын арнайы орындар да орайластырылған.