Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев және Дінмұхамед Қонаев кезінде білімдерін жетілдірген Мәскеу болат және қоспалар институты бүгіндері сырбойлық жастарға да есігін айқара ашып отыр. Қазір мұнда Ресейдің жастары металлургияның дәстүрлі және озық әдістерін игеріп, нанотехнологияларды зерттеуде, деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.
Ақмарал Әлназарова, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:
- Мәскеу университеті мен Қызылорда облысы әкімі арасында меморандумға қол қойылған. Металлургиялық кластерді дамытамыз деген оймен, инженерлік кадрларды, ең бетке ұстар Ресейде университеттің бірі - МИСиС университеті деп. Келісім-шарт арқылы осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмыз.
Игорь Исаев, Мәскеудегі болат және қоспалар институтының проректоры:
- Қазақстан мемлекеті білікті мамандарды даярлауға ерекше назар бөліп отыр. Біздің университетіміз қазақ жастарына білім алу үшін қажетті жағдайды жасап бермек.
Қызылорда қаласының №101 орта мектебінің түлегі Нұрперзент Жиенәлі үшін шетелдік университетпен алғашқы танысу есте қалатын болды.
Нұрперзент Жиенәлі, студент:
- Іштей бір талпыныс болып тұр. Жаңаға деген. Көрмеген нәрсеге. Өздеріңіз көріп жатырсыздар. Телевизорда көрсетпеген әлемде екі-ақ нәрсе бар дейді. Соны көріп, іштей күшті болып тұрмын. Осы жақта алған білімімді Қазақстанның жетілуіне жұмсасам деймін.
Қызылорда облысында инновациялық және индустриялық даму бағдарламасына сәйкес, өңірге қажетті білікті мамандарды даярлауға жергілікті ірі компаниялар да үлес қосуда.