"Несібеден" 8 адам несібесін таппақ

"Несібеден" 8 адам несібесін таппақ Үстіміздегі жылдың 29 тамызында Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 30 тамыз Қазақстан Республикасы Конститутция күні мерекесіне орай, Жалағаш аудандық Кәсіпкерлер Палатасы және Даму кәсіпкерлікті қолдау орталығы, Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен, "Несібе” техникалық жөндеу орталығының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына жерілікті атқарушы органдарымен аудан кәсіпкерлері қатысты. Аталған орталықта 8 жаңа жұмыс орны құрылды.
ТЖО жеке кәсіпкер Қауымбаев Аманжолдың өз қаражаты есебінен салынды, жоба құны 12,0 млн тенгені құрайды. 1 желімдеу, 1 авто бөлшектер, 2 көлік жуу, 2 техникалық қызмет көрсету боксынан тұрады. 
Бүгінде Кәсіпкерлер Палатасы және Даму кәсіпкерлікті қолдау орталығы арқылы техникалық жөндеу орталығын кеңейтуге, Бизнестің жол картасы 2020 мемлекеттік бағдарламасы бойынша, орталыққа қажетті құрал жабдықтар алуға 6 млн теңгеге бизнес жоспар дайындап бүгінде екінші деңгейлі банктің оң шешімін күтілуде.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 тамыз 2014 г. 771 0