Қазақтың ақыны Надежда Лушниковамен жүздесу

Қазақтың ақыны Надежда Лушниковамен жүздесуКеше Жаңақорған аудандық орталық кітапханада ел ағалары мен кітапханашылар қатысқан рухани жүздесу өтті. Кездесудің бас кейіпкері - айтыс ақыны, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Лушникова Надежда.
Бір сағатқа созылған жиын барысында Надежда апамыз жергілікті халық ақыны Манап Көкеновпен үлкенді-кішілі 28 мәрте айтысқандығын тілге тиек етті. Манап ақынмен айтысқан сәттерінен үзінділер оқып берді. Әрі бүгінгі айтыс өнеріне өз пікірін білдірді. Сондай-ақ бүгінде 75 жасқа келген ақ жаулықты анамыз қажылық зияратына барып қайтқандығын һәм бес уақыт намазы түгел екендігін жеткізді. Одан әрі қатысушылар тарапынан түрлі сауалдар қойылып, тұщымды жауаптармен бөлісті. 
Рухани жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Қ.Бүркітбаев Надежда ақынға құрмет көрсетіп, иығына қамзол кигізді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 тамыз 2014 г. 905 0