Тамыз кеңесінде келелі ой-пікірлер айтылды

Тамыз кеңесінде келелі ой-пікірлер айтылдыСанаулы күндерден кейін жаңа серпіліс, жаңа талаптары анықталған жаңа оқу жылы басталады.2014-2015 оқу жылы қарсаңында аудан ұстаздарының «Білім берудің инновациялық стратегиясы-мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбында тамыз кеңесі өткізілді. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруші ұстаздар қауымымен алда тұрған басты міндеттерді айқындайтын, негізгі мәселелер жөнінде ой түйіндеуге, білім сапасын жаңа серпіліспен бастауға бағыт беретін дәстүрлі тамыз кеңесінде келелі ой-пікірлер айтылды.
Тамыз кеңесіне аудан әкімі Бахыт Жаханов, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық, облыстық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, білім беру мекемелері делегациясы, ардагер ұстаздар, БАҚ өкілдері және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Сондай-ақ философия ғылымдарының докторы, профессор «Өрлеу» АҚ филиалы облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі Баймырза Қожамберліұлы қатысты.
«2013-2014 оқу жылының қорытындысымен аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен білім берумен қамтып отырған 21 балабақша, оның ішінде мемлекеттік балабақша саны - 18, 4 жеке балабақша, 31 шағын орталық жұмыс жасайды. Аудан бойынша 3-6 жас аралығындағы 4411 баланың 3786-сы мектепке дейінгі тәрбиемен және мектеп алды даярлықпен қамтылған. Бұл 84,5 пайызды құрап отыр.2013 жылы бұл көрсеткіш 77 пайыз болса, биылғы жылы 7,5 пайызға артты. Мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық–техникалық базасын нығайту мақсатында 8 балабақшаға 11 млн. 816 мың теңгеге «Монтессори» кабинеттері, сондай–ақ ойын алаңдары алынып берілді. Күн санап ауданның қай салада болмасын даму қарқыны байқалады», – деді аудандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Қалнияз.
«Соңғы бес жылда (екі 1200 орындық, бір 600 орындық, екі 300 орындық, үш 250 орындық, бір 140 және 50 орындық) 10 жаңа мектепжәне екі балабақша салынды. 5 мектеп, 2 балабақша күрделі жөндеуден өткізілді. Биылдың өзінде 5 мектепке және 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілді.
«Апатты жағдайдағы мектептердің проблемасы да шешіліп келеді. Биылдың өзінде апаттық жағдайда тұрған үш мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылында олардың біреуін, яғни, 600 орындық №204 мектепті ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге 280 орындық жаңа балабақшаны пайдалануға береміз деген жоспарымыз да бар. Сарбұлақ пен Аранды ауылдарында жаңа мектептер ел игілігіне беріледі. Бұдан өзге екі балабақша ашылады. Біздегі ауыз толтырып айтатын мәселе - үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешілген. Сонымен қатар апаттық жағдайдағы 5 мектеп пен 7 балабақшаның құрылысы 2015 жылы өз шешімін табады.
Білім саласына аса қомақты инвестициялар салынуда. Мысалы, 2010 жылы ауданның білім саласына 3 млрд. 402 млн. теңге бөлінсе, биыл 5 млрд. 705 млн. теңге бөлініп отыр. Сондықтан, салынған инвестиция көлемі қанша есеге артса, білім сапасын да сол деңгейге жеткізу керек.
Бұл орайда айта кетуге тиістіміз, өткен оқу жылындағы ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысын жақсы білесіздер. Былтырғы сыннан қорытынды шығарып, биыл облыс бойынша екінші орынды иелендік. «Алтын белгі» мен «Үздік аттестатты» қорғап шыққан шәкірттеріміздің қатары да көп болды. Әрине, ұстаздарымыз осы жолда қаншама тер төкті. Сондықтан, мен осы жиынды пайдалана отырып ұстаздар қауымына алғысымды білдіремін», – деді Қазалы ауданының әкімі Бахыт Жаханов.
Бүгінгі заманның талабы – ұлттық рухты жоғалтпай, бойына білімнің барлық қорын жинаған,заманауи технологияны жетік меңгерген тәрбие-тағылымды,мәдениет мәйегін сіңірген тұлғаны даярлау. Кеңес барысында ұлағатты ұстаздар қауымына аудан әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 тамыз 2014 г. 1 074 0