«Қайсар» футбол клубы 2014 жылдың 29 тамызында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясындағы «Ордабасы» - «Қайсар» кездесуіне арнап арнайы екі автобус бөлінетінін хабарлайды.
Клубтың ресми сайтындағы хабарламада: "Жанкүйерлер мен журналистерді тіркеу 28 тамызға дейін жалғасады. Тіркелу үшін «Қайсар» футбол клубының медиа-офицері Әзиз Жұмаділ мен «Степные волки» фанқозғалысының жетекшісі Эрик Теңізбаевқа жеке куәліктеріңіздің көшірмесін және байланыс телефоныңызды қалдыруларыңыз қажет. Сондай-ақ, жеке куәліктеріңіздің көшірмесін az_adil@mail.ru электронды поштасына немесе 8 777 734 88 10 нөміріне whatsapp арқылы жіберулеріңізге болады.
Тіркелген жанкүйерлерді автобустарға отырғызу 29 тамыз күні таңертеңгі сағат 8:00-ден басталып, бір сағат бойына жүргізіледі. Сағат 9:00-де автобустар стадионнан жүріп кетеді. Сондықтан, тіркелген жанкүйерлердің кешікпеулерін және стадионның оңтүстік, яғни «Еуразия» спорт кешені жағында жиналуларын сұраймыз. Бірінші болып автобусқа журналистер қауымы отырғызылады. Одан кейін тізім бойынша. Яғни, тіркелгендер құжат бойынша ретімен кіргізіледі", - делінген.
Сонымен қатар, сол уақытта стадионның кассаларында «Қайсар» футбол клубының мойынорағыштары, футболкалары (шарф) және телпектері (бейсболка) сатылымға түседі. Мойынорағыштардың бағалары – 2200 теңге болса, телпектер мен футболкаларды 1200 теңгеге сатып алуға болады.
Асығыңыздар, орындар шектеулі.
Байланыс телефондары:
Әзиз Жұмаділ - 8 707 734 88 10
Эрик Теңізбаев - 8 777 236 20 25