Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыспен қамтылуда

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыспен қамтылудаӨткен жылы Қызылорда облысының 2013-2014 жылдары мүгедектердің құқығын қорғау мен олардың өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз ету жөніндегі «Жол картасы» бекітілген болатын. Онда белгіленген міндеттер үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында-ақ 99 пайызға орындалды. Осыған орай Елбасы тапсырмасына сәйкес наурыз айында 2014-2015 жылдарға арналған жаңа «Жол картасы» бекітілді.
Онда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мен оларға кедергісіз ортаны қалыптастыруға ерекше басымдық берілген. Бұл жұмыстар «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен бірлесе атқарылуда.
Бірінші кезеңде барлық мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасында көрсетілгендей кәсіби оңалтуды қамтамасыз ету міндеті қойылған. Мұндай жандар облыста жыл басында 375 адам болды. Олардың барлығы да жұмысқа орналастырылды.
Ал ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі 633 адам жұмысқа орналастырылды. Мұнан өзге тағы да 750 адам жұмыс жасауға ниеттілігін білдіріп отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 тамыз 2014 г. 640 0