Қызылордада әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы еселеп өсуде
Қызылордада әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы еселеп өсуде, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік қорғауды, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуды қызылордалықтар алдыңғы орынға қояды. Мәселен, облыстың әлеуметтік дамуына биылғы жылы 122 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 35 пайызға, 2013 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық.