Қызылордалық журналистер #Birgemiz қайырымдылық шарасына үн қосты. Бүгін олар облыстағы тұрмыстық жағдайы төмен бірқатар отбасына азық-түлік себеттерін таратты.
Игі іске ақпарат құралдарының 60-қа жуық өкілі қатысты. Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш аудандарындағы 20-дан астам отбасының аса қажеттіліктерін алып берді.
- "Кең болсаң, кем болмайсың" деген. Сыр журналистері қасиетті Рамазан айында осындай игілікті іске жұмылып, көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын созды.
Енді осындай қайырымдылық шараларын шама-шарқымызша жыл соңына дейін тағы ұйымдастырғымыз келеді. Бұл - ақпарат айдынында еңбек етіп жатқан, бірлігі мен тірлігі жарасқан сырбойылық журналистердің кең пейілінен туған бастама, - дейді "Qazaqstan" ұлттық арнасының облыстағы меншікті тілшісі Әділбек Жақанов.
Назерке Саниязова,
"Сыр бойы"Фото авторы: Нұрболат Нұржаубай