Алматы әкімдігі мемориалға жіберілмеген ардагерден кешірім сұрады

Алматы әкімдігінің өкілдері 90 жастағы ардагерден кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында әкімдіктегілердің ардагерге мемориал ескерткішке гүл қоюға рұқсат бермегені хабарланған еді. Осы жағдайдан кейін қала әкімдігінің өкілдері Ұлы Отан Соғысының ардагердің үйіне келіп, кешірім сұрады. 

Алматы ардагерлері сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Абдулов Иван Акимович 1930 жылы дүниеге келген. Бүгінде ол жалғыз тұрады екен.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 мамыр 2020 г. 348 0