« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін, яғни 10.05.2020 ж. сағат 12:30 уақыты бойынша аймағымызда коронавирус індетінен тағы 3 науқас емделіп шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар "Covid-19" вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды.
Індетті жеңген емделушілердің 2-уі Қызылорда қаласынан, 1-уі Шиелі ауданынан шықты.
Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.
Осы күнге дейін өңірімізде індеттен айығып шыққандар саны - 159. (Кызылорда қаласы - 31, Арал ауданы – 4, Қазалы ауданы – 2, Қармақшы ауданы – 4, Сырдария ауданы – 26, Шиелі ауданы – 62, Жанакорған ауданы - 30).
Айта кетейік, аймағымызда бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 229 дерегі тіркеліп отыр.(Қызылорда қаласында –92 жағдай, Жаңақорған ауданы – 31, Арал ауданы – 6, Сырдария ауданы – 26, Қармақшы ауданы – 5, Шиелі ауданы – 66, Қазалы ауданы - 3). Барлығының жағдайы бақылау барысында бірқалыпты.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |